{metadescription}

Қазақстандық Виктория Графеева бокстан Азия чемпионы атанды

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатында әйелдер арасында финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.

Қазақстаннан бірінші болып Виктория Графеева рингке шықты. В.Графеева 60 келіге дейінгі салмақта қытайлық Цяньге Лимен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта Виктория соққыларын барынша дарыта білді. Төрешілер есебі 4:1 болды. 

Екінші кезеңде қарсыласын тықсыра түсті – 5:0. Қорытынды есеп те – 5:0.

Осылайша, Виктория Графеева қазақстандықтардан алғашқы болып алтын алды. 

Дереккөз: Kazinform

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде