{metadescription}
Өскеменде екі баланы қағып кеткен көлік жүргізушісі табылмай жатыр

Өскеменде екі баланы қағып кеткен көлік жүргізушісі табылмай жатыр

Өскемен қаласында беймәлім көлік жүргізушісі 2 баланы қағып, сол жерден қашып кеткен.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 7 желтоқсан күні Назарбаев даңғылында болған.

«Береке» сауда үйінің жанындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде белгісіз көлік кәмелетке толмаған екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жүргізуші оқиға орнынан бірден із суытқан. Қазір жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген ақпаратта.

Полицейлер жүргізушінің кім екенін анықтау және көлікті іздестіру үшін тиісті шараларды қолға алған. Осы ретте, олар оқиға куәгерлері болса 102 арнасына хабарласуларын сұрайды.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде