{metadescription}
Антикордың халықаралық іздеуде жүрген экс-қызметкері ұсталды

Антикордың халықаралық іздеуде жүрген экс-қызметкері ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халықаралық іздеуде жүрген бұрынғы қызметкері ұсталғанын мәлім етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында өз қызметкерлерінің жұмысына ерекше назар аударады. 

Жеке құрам арасында жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүйелі негізде өз қызметкерлері тарапынан құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша қажетті іс-шаралар кешені өткізіледі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы бойынша аумақтық департамент басшысының бұрынғы орынбасары Д. Қожабаевқа қатысты қылмыстық істі тергеуде. Ол қаланың жалпы білім беретін мектептерінің бірінің директорынан қылмыстық жауаптылықтан босатқаны үшін пара алды деген күдікке ілінді.

"Қожабаев тергеуден қашып кеткендіктен, оған халықаралық іздеу жарияланды. Биылғы жылдың 30 қарашасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қожабаевты ұстап, тергеу изоляторына қамады. Қазір тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", — делінген агенттік хабарламасында.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде