Шекарадан құны 87 млн теңге темекіні заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды
Көлік прокуратурасы мен кеден органдарының тексерулері кезінде құны бірнеше миллион теңге болатын заңсыз экспортқа жол берілмеді. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді.
Фото: Pixabay
08:13 11.12.2024
Құзырлы орган өкілдері таратқан мәліметке сүйенсек Маңғыстау облысында «Морпорт» кеден бекетінде контейнерлерге тексеріс жүргізу барысында Ираннан келген қоқыс жәшіктерін желеу етіп, Oris — темекілерінің үлкен партиясын жасырып алып өтпекші болғандар ұсталған. Контрабандалық жолмен елге әкелген 226 мыңнан астам қораптың жалпы құны 85,9 млн теңге. Қазір экономикалық контрабанда (ҚР ҚК-нің 234-бабы) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
— Сондай-ақ, Жетісу облысындағы «Алтынкөл-Жол» бекетінде жеңіл панельдер атын жамылған құны 87 млн теңге болатын 400 мың қорап темекіні заңсыз алып өту әрекеті тоқтатылды. Жүк Польшаға жеткізілмек болған, — делінген хабарламада.
Түркістан облысында да 17 көлікпен шекарадан өтпек болған 413 тонна ағашты заңсыз экспорттаудың жолы кесілді. Қылмыскерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура мен кеден органдарының үйлестірілген жұмысының нәтижесінде экспорттық операциялардың заңдылығын бақылауға және мемлекеттің мүддесін қорғауға болады. Контрабандамен күресу жұмыстары жалғасуда.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!