{metadescription}
Серік Жеңісов ШҚО Самар ауданының әкімі болып тағайындалды

Серік Жеңісов ШҚО Самар ауданының әкімі болып тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының әкімі болып Серік Жеңісов тағайындалды. Ол бұған дейін ШҚО ішкі саясат басқармасының басшысы болған.

Серік Жеңісұлы 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында дүниеге келген.

2005 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2006 жылы аталған университеттің магистратурасын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің қоғамдық пікірді мониторингілеу және талдау, бұқаралық саяси жұмыс бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2006-2009 жылдары «Директорлар кеңесі» заңгерлік тұлғалар ұйымының ШҚО аймақтық одағында экономист-сарапшы болып жұмыс істеді.

2009-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы жастар саясаты мәселелері және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы болды.

2013-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

2015-2018 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, 2018-2019 жылдары — «Шығыс ақпарат» ЖШС басқарма төрағасы, 2019 жылдың маусым-желтоқсан айлары аралығында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болған.

Осы лауазымға тағайындалмас бұрын ШҚО ішкі саясат басқармасының басшысы болып қызмет етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде