Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу жыл соңына дейін аяқталады
Талғар қаласындағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу жыл соңына дейін аяқталады.
Фото: istockphoto.com
15:16 11.12.2024
Бұл туралы Ішкі істер минитрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.
"Талғардағы кісі өлтіру дерегі бойынша жыл соңына дейін қылмыстық іс аяқталады. Қылмыстық істің материалдары танысу үшін ұсынылады. Тергеу аяқталу сатысында. Биылдың аяғына дейін барлық сараптаманы алып, тергеу іс-қимылдарын аяқтаймыз. Осы қылмыстық іс аясында 11 адам қамауда отыр. Олардың барлығы жауапқа тартылады. Прокурордың келісімі бойынша түпкілікті айып тағылады", — деді С. Әділов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!