{metadescription}
Бекзат Нұрдәулетов Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Бекзат Нұрдәулетов Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов жеңімпаз атанды.

Әлем чемпионы Б.Нұрдәулетов 86 келіге дейінгі салмақта тағы бір өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен шаршы алаңда кездесті.

Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі өзбек спортшысы басым болды деп таныды. Екінші кезеңде де сондай есеп тіркелді — 3:2. Дегенмен үшінші раундта қазылар түгелдей жеңісті Бекзатқа берді. Қорытынды есеп — 4:1.

Осылайша, Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.