Елордаға LRT пойыздары қашан жеткізіледі
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысының қызу жүріп жатқанын айтты.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
17:12 11.12.2024
"LRT құрылысы қызу жүріп жатыр. Биыл негізгі құрылыс жұмыстарын аяқтадық, келесі жылы толық аяқтаймыз. Қазір жаңа теміржол вокзалы аумағында тұңғыш рельстер төселді. Келесі жылы қыркүйек-қазан айларында алғашқы пойыздар келеді деп жоспарлап отырмыз. Бұл ауқымды жұмыс", — деді Жеңіс Қасымбек мәслихаттың елорданың 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекітуге арналған отырысы барысында.
Әкімнің айтуынша LRT құрылысы қыс бойы жалғаса береді.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!