Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен кетті
Алматының бас футбол алаңы - Орталық стадион басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен босатылды.
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
08:41 13.12.2024
Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясының мәліметінше, Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатар қардан уақытылы тазаланбаған. Соның кесірінен «Астана» мен «Челси» ойынына келген жанкүйерлерге қолайсыздықтар туындаған.
- «Орталық стадион» нысанының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен шеттетілді. Жанкүйерлердің жайлылығы біз үшін аса маңызды, әсіресе, осындай маңызды ойындарда. Болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз, - деп хабарлады Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясынан.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!