Жамбыл облысы Байзақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Аудан басшысы Олжас Баққараев болды, деп хабарлайды Kazinform-ның меншікті тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі
11:42 13.12.2024
О. Баққараев жаңа қызметке Президент Әкімшілігімен және Байзақ аудандық мәслихатымен келісім бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкімімен тағайындалды.
Ол 1985 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі ұл, бір қызы бар.
Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетін «электроника және микроэлектроника» мамандығы бойынша, Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы «ARMTEL» ЖШС атқарушы директоры болып бастады. Әр жылдары «NULITS» жеке мекемесінің даму қызметінің басшысы, «Тараз Инвест Консалт» ЖШС сарапшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының бас маманы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.
2023 жылдың мамыр айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымын атқарды.
Бұған дейін Жамбыл облысы бойынша мобильдік топты дайындау бөлімінің басшысы тағайындалған болатын.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!