Ақтауда президенттің бұрынғы резиденциясының орнына мешіт пен стадион салынады
Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.
Фото: Аягөз Ізбасарова
14:14 13.12.2024
Аймақ басшысының айтуынша, президент резиденциясының орнына әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар бой көтереді.
— Қазір резиденция Ақтау қаласы әкімдігінің құзырына берілді. 225 гектар жер. Соған бас жоспар жасалып жатыр. Мұнда орталық стадион салынады. Оның шешімі шықты. Ол жерде үлкен мешіт бой көтереді. Сонымен қатар балалар ойнайтын алаңқайлар болды. Мысалы бізде теңіз вокзалы жоқ, сондықтан теңіз вокзалын саламыз, - дейді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!