Қор нарығында доллар арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
Фото: istockphoto.com
16:08 13.12.2024
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,41 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 522,49 теңге.
Ұлттық банктің 13 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 522,91 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,05 теңге. Еуро — 548,85.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 522,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 526 теңге. Еуро 547,5 — 554,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 520 теңге, сатып алу құны — 527 теңге. Еуро 546 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,03 - 5,15 аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!