Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен қыздың денесі табылды
Өскемен қаласында осыдан бір ай бұрын жоғалып кеткен қыздың денесі табылды.
Фото: Kazinform
17:37 15.12.2024
12 қараша күні таңертең үйден шығып кеткен Әнел Ерік сол күйі ешкіммен байланысқа шықпаған. Соңғы рет оны Металлург саябағының аумағында көргендер болды. Қызды іздестіруге туған-туыстары, полицейлер мен еріктілер кіріскен.
- Қыздың денесі Үлбі өзенінен табылды. Көзге көрінетіндей дене жарақаттары жоқ. Тиісті сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінен.
Сондай-ақ Өскеменде 25 қарашада жоғалып кеткен тағы бір қыз іздестірілді. 24 жастағы Айпара Тулақбай аман-есен табылды.
Еріктілер қозғалысының үйлестірушісі Олеся Клинкованың айтуынша, Айпара волонтерлар мен туыстарының бірлесе әрекет етуінің арқасында табылған. Алайда ол қыздың нақты қайдан табылғаны туралы айтпады.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!