{metadescription}
Бүгін – Тәуелсіздік күні

Бүгін – Тәуелсіздік күні

Бүгін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңға қол қойылғанына 33 жыл толып отыр.

Ал осы азат күннің есігіне кілт салған Желтоқсан оқиғасына 38 жыл болды.

Қазақ халқын қойып әлем тарихында бір ғана датаның ұлт тарихында өшпестей етіп із қалдырған сәті некен саяқ. Сондықтан да 16 желтоқсанды елдегі әрбір отбасы әркелкі қарсы алады. Бірі үшін бұл күн ел тәуелсіздігін ұлықтап, асыр салатын мереке болса, тағы бір топ қауым үшін Желтоқсан оқиғасын еске алатын киелі күн.

Тәуелсіздіктің 33 жылында халықтың өмір сапасы қаншалықты өзгергенін ресми статистиканың сандарымен сөйлеткіміз келген. Өкінішке қарай, ресми статистика деректерінің көбі 2000 және 2009 жылғы көрсеткіштерден басталады. Осы қолда бар деректердің негізінде тәуелсіздік жылдары қазақстандықтардың өмірінде қандай өзгерістер болғанын бейнелеп көрдік.

Ресми статистика бойынша елдегі ұлттық байлықтың баланстық құны (бүкіл қарыз, шығындарды шегергендегі таза байлық) 2009 жылы 11 трлн 906 млрд 806,2 млн теңге болса, 2023 жылы 93 трлн 893 млрд 393,2 млн теңгеге жеткен. Бұдан кейінгі 15 жылда ұлттық байлық 7,9 есе өскенін көруге болады.

Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, елімізде 1991 жылы 26,6 млн тонна мұнай өндірілсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш 90 млн тоннаға жеткен. Демек, тәуелсіздік алған кезеңнен бергі 33 жылда 1 млрд 919 млн 500 мың тонна мұнай өндірілген.

2010 жылы халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 40 680 теңге болса, 2024 жылдың қазан айында 206 887 теңге болып отыр. 2010 жылы ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 147,78 теңге болған, кейінгі 14 жылда халықтың ақшалай табысы 5,08 өсті деген сөз.

2008 жылы Қазақстан халқы 4 трлн 13 млрд 75,2 млн теңгенің тауарын өндіріп, 4 трлн 40 млрд 414 млн теңгенің қызметін көрсеткен. Ал 2023 жылы 24 трлн 715 млрд 639,5 млн теңгенің тауарын өндіріп (16 жылда 6,1 есе өскен), 35 трлн 435 млрд 819,9 млн теңгенің қызметін көрсеткен (8,7 есе).

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 1999 жылы 65,63 жыл болса, 2023 жылы 75,09 жылға жеткен. Демек, 24 жылда халықтың өмір сүру ұзақтығы 10 жылға жуық ұзарған. 
2000 жылы елімізде 27 391 ажырасу тіркелсе, 2023 жылы бұл сан 40 227-ге жеткен. 23 жылдың ішінде 1,4 есе артқан. 2000 жылы 1000 адамға шаққандағы ажырасу көрсеткіші 1,84 болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 2,02 болған. Ал тіркелген неке саны 2000 жылы 90 873 болса, 2023 жылы 120 851-ге жеткен. 1000 адамға шаққандағы неке қию көрсеткіші 2000 жылғы 6,11 коэффиценттен 2023 жылы 6,07-ге кеміген.

Елдегі 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші 2000 жылы 14,92 болса, 2023 жылы 19,52-ге жеткен. 2000 жылы елімізде 222 054 адам дүниеге келсе, 2023 жылы 388 428 мың адам өмір есігін ашқан.

Ал өлім-жітім 2000 жылы 149 778 адам болса, 2023 жылы 130 686 адамға азайған, яғни 2000 жылы 1000 адамға шаққандағы өлім-жітім саны 10,10 болса, 2023 жылы бұл шама 6,57-ге түскен.

Қазан айындағы соңғы статистика бойынша Қазақстан халқының ресми саны 20 млн 223 мың 218 адамға жеткен.

 https://kaz.inform.kz/news/bugn-tauelszdk-kun-ebe644/

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 желтоқсан

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде