{metadescription}

Алматы-Өскемен тасжолында қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберген

Алматы-Өскемен тасжолының Абай облысының аумағындағы учаскеде қатты соққан жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді.  Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін сағат 14:30 шамасында болған. 

— Алматы-Өскемен тасжолының 938-ші шақырымында қатты соққан желдің екпіні Mercedes-Benz Atego жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Сол жерге дереу полиция мен шұғыл қызмет өкілдері жетті, — делінген ақпаратта. 
Осы ретте, тәртіп сақшылары жүргізушілерге дауыл соққанда және қолайсыз ауа райы жағдайында жолда аса сақ болу қажеттігін ескертті. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде