{metadescription}
Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 – 527 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 522,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,06 теңге. Еуро – 547,88.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 526,5 теңге. Еуро 547,5 – 554,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 520 теңге, сатып алу құны – 527 теңге. Еуро 546 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,99 - 5,09 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 13 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,10 теңгеге төмендеп, 522,80 теңге болған.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 желтоқсан

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.