{metadescription}
Қытайда транзиттік визасыз жүру мерзімі 10 күнге ұзартылды

Қытайда транзиттік визасыз жүру мерзімі 10 күнге ұзартылды

Енді транзиттік визасыз кіру тәртібі толықтай жеңілдетіліп, шетел азаматтарының Қытай аумағында визасыз жүру уақыты 72 сағат пен 144 сағаттан 240 сағатқа (10 күнге) дейін ұзартылды. Сонымен қатар, транзиттік визасыз кірушілерге арналған 21 жаңа өткізу бекеті іске қосылды және рұқсат етілген аймақтар кеңейтілді.

Жаңа тәртіпке сәйкес, Ресей, Бразилия, Ұлыбритания, АҚШ, Канада және тағы басқа 54 елдің азаматтары Қытай арқылы үшінші елге барар жолда 24 провинция (аймақ, қала) аумағындағы 60 халықаралық өткізу бекеті арқылы визасыз кіріп, 240 сағат бойы белгіленген аймақтарда жүре алады.

Бұл өзгерістің басты ерекшелігі — шетел азаматтарына аймақтар арасында еркін жүріп-тұруға мүмкіндік беру. Яғни, транзиттік визасыз режим аясында келген шетелдіктер Қытайдың 24 провинциясы аумағында бірнеше өңірді еркін аралай алады.

Алайда бұл тізімге Қазақстан кірмейді, сондықтан қазақстандық азаматтар үшін бұрынғы талаптар сақталады.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде