{metadescription}
Алмас Жақсылықов Темір ауданының әкімі қызметіне тағайындалды

Алмас Жақсылықов Темір ауданының әкімі қызметіне тағайындалды

Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімі қызметіне Алмас Жақсылықов тағайындалды. Ол бұған дейін Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімі болды.

Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Темір аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы өтті. Сессияға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров пен аудандық мәслихат төрағасы Болат Шаимов қатысты. Сессия барысында облыс әкімі Темір ауданының әкімі лауазымына Алмас Жақсылықовтың кандидатурасын ұсынып, оны таныстырды. Аудандық мәслихат депутаттары облыс әкімі ұсынған кандидатураны қолдап, дауыс берді. 

- Алмас Жақсылықов 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Еңбек ресурстарын басқару», 2019 жылы Қайнар академиясын «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы «Көмірбанк» ААҚ Алматы қаласындағы филиалының қауіпсіздік қызметінің қызметкері болып бастаған. 2004 – 2009 жылдары аралығында Ақтөбе облыстық көліктік инфрақұрлымды дамыту басқармасының, Темір аудандық құрылыс бөлімінің жетекші маманы болды. Ал 2009 – 2013 жылдары аралығында «Тазалық», «Шұбар-құдық», «Шұбарқұдық-жылу» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің және «Centrum Kazakhstan» ЖШС директоры лауазымдарында қызмет етті. 2013 – 2018 жылдары Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Темір ауданы «Жастармен жұмыс бойынша ресурстық орталығының басшысы, Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болды. 2018 – 2023 жылдары Хромтау қаласының әкімі, Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2023 жылдың қазан айынан бастап Ақтөбе қаласының «Астана» ауданының әкімі қызметін атқарып келді,- деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде