{metadescription}
Қор нарығында доллар қымбаттады

Қор нарығында доллар қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,86 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 524,66 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 527 теңге. Еуро 548 — 553,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 529 теңге. Еуро 547 теңгеден сатылып, 554,5 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,05 - 5,15 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 17 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 522,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,06 теңге. Еуро — 547,88.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде