Қазақстанның Қызыл кітабына тағы 11 жануар түрі енгізіледі
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанның Қызыл кітабына өзгерістер енгізілетінін мәлім етті.
Фото: istockphoto.com
18:43 17.12.2024
Бүгінгі таңда Қазақстандағы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлер тiзбесiнде (Қызыл кітап – ред.) 227 жануар түрі тіркелген, оның ішінде 131 түрі – омыртқалылар және 96-сы омыртқасыздар.
"Қазіргі уақытта министрлік Зоология институтының биологиялық негіздемесімен Халықаралық табиғатты қорғау одағының критерийлеріне сәйкес, тізбені жаңарту жұмыстарын бастады. Нәтижесінде тізімнен 21 омыртқасыз жануар түрін шығару мен 6 омыртқасыз және 5 омыртқалы жануар түрін енгізу ұсынылды", – деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Осылайша, үлкен көз кесіртке, әмiршi инелiк, нүктелі қанқызы, көбелек, кармин сымырлары және қоңыздың бірнеше түрін Қызыл кітаптан шығару ұсынылып отыр.
Ал керісінше, қамыс мысығы, ақбас құмай, Тазқара, Тянь-Шань және Жоңғар кесірткелерін, қысқақанатты Коранус шегірткесін, көк Зикрона қоңызын, Қандыағаш қандаласын және сарышаянның бірқатар түрін Қызыл кітапқа енгізу жоспарланған.
Сондай-ақ, елімізде биоәртүрлілікті сақтап қалу шараларының нәтижесінде, 2005-2023 жылдары сирек кездесетін тоғай бұғысы, құлан, арқар және қарақұйрық популяциясы
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!