{metadescription}
Алакөл ауданында жолда қалған 41 адам құтқарылды

Алакөл ауданында жолда қалған 41 адам құтқарылды

Бүгін Үшарал-Достық автожолының Ырғайты учаскесінде қарлы боран мен қалың қардың салдарынан 30 жүк көлігі мен 1 жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған. ТЖМ құтқарушыларының көмегімен 41 адам қауіпсіз жерге жеткізілді.

ТЖМ таратқан мәліметке сүйенсек, қар құрсауында қалған жолаушыларға құтқарушылар көмекке барған. Олар жол талғамайтын арнайы техникалармен 41 адамды Көктұма ауылына жеткізген.

Құтқарылғандардың арасында Беларусь Республикасының, ҚХР-дың, Әзербайжан Республикасының және РФ-ның 28 азаматы бар.

"ТЖМ қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді, дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа-райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз", - делінген хабарламада.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде