{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, Үнді мұхитындағы Францияға тиесілі Майотта архипелагында «Шидо» атты жойқын цилон болғанын, оқиға салдарынан мыңдаған адам құрбан болу мүмкіндігі туралы хабарланды.

Дүйсенбі күні кешке қатты дауылдан зардап шеккен Майотта аралындағы жағдайға байланысты Францияның министрлікаралық дағдарыс тобының отырысы өтті. Онда Франция басшысы ұлттық аза тұту күнін жариялайтынын мәлім етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде