{metadescription}
VIP нөмірлердің құнын кім белгілейді

VIP нөмірлердің құнын кім белгілейді

Алматылықтар жыл басынан бері 5039 VIP нөмірге тапсырыс берген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалынан мәлім етті.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Асет Тұрғымбаев VIP нөмірлердің құнын кім белгілейтінін айтты.

— Кейбір адамдар VIP-нөмірлердің құнын «Азаматтарға арналған үкімет» белгілейді деген қате пікірде. Сатудан түскен қаржы мемлекеттік қазынаға түседі және мемлекеттік баж мөлшері Қазақстан Республикасының Салық кодексімен реттеледі, — деп атап өтті №1 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Әсет Тұрғымбаев.

Сандар мен әріптердің комбинациясына байланысты VIP-нөмірлердің бағасы биыл 57 АЕК (210 444 теңге) болды. Қала тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие нөмірлер: 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707.

Ал ең қымбат нөмірлерге: 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 жатады. Мұндай нөмір үшін әр көлік иесі 285 АЕК (1052 220 теңге) төлейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы осы жылы 863 324 996 802 көлік тіркеліп, 116 741 жүргізуші куәлігі берілгенін мәлімдеді.

— Клиент мамандандырылған ХҚКО-ға жүгініп, қажетті VIP нөміріне тапсырыс береді. Мамандар базада жоғары сұраныс нөмірлерін тексереді. Клиент сандық және әріптік белгілерді алдын ала нақтылау арқылы тапсырыс бере алады. Тапсырыс берген нөмірлер Алматыда 5 жұмыс күні ішінде дайындалады. Сондай-ақ, көлік иесі таңдаған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін eGov порталы және eGov Mobile арқылы тапсырыс беруіне болады, — деді Әсет Тұрғымбаев.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде