{metadescription}
Тоқаев пен Эмбало Бисау порты мен Транскаспий дәлізін ұштастыру жолдарын зерделеуге келісті

Тоқаев пен Эмбало Бисау порты мен Транскаспий дәлізін ұштастыру жолдарын зерделеуге келісті

Қазақстан мен Гвинея-Бисау көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалануға мүдделі.

Бұл туралы елімізге ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбаломен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

— Ең алдымен менің шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға ресми сапармен келгені үшін Президент Умару Эмбало мырзаға шынайы ризашылығымды білдіремін. Қадірлі қонақтарға қош келдіңіздер дегім келеді. Бұл сапар құрлықтар арасында жол салды, алыс жатқан елдерді байланыстырды. Халықтарымыздың тілегі мен ниеті бір екенін көрсетті. Бүгінгі кездесулер мазмұнды әрі мағыналы болды. Біз бірқатар маңызды мәселеге қатысты келіссөздер жүргіздік. Екіжақты ынтымақтастықты одан ары нығайтудың жолдарын талқыладық. Былтыр Астана мен бисау арасында дипломатиялық байланыс орнағынан 10 жыл толды. Осы кезеңде достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынасымыз нығая түсті. Екі бастысы біз қашанда бір-бірімізге тілекшіміз. Гвинея-Бисау Қазақстанның Африка құрлығындағы маңызды серіктесі, — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президентінің екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге зор үлес қосып келе жатқанын баса айтты.

— Мен мұны жоғары бағалаймын. Екіжақты кездесудің нәтижесінде тиімді уағдаластықтарға қол жеткіздік. Бұл сапар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан ары нығайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалануға екі ел де мүдделі. Осы ретте Батыс Африкадағы Бисау порты мен Транскаспий көлік дәлізін ұштастыру жолдарын зерделеуге келістік. Әлемдегі геосаяси ахуал мен азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі ушығып тұрған қазіргі кезде мұның мән-маңызы айрықша, — деді Президент.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде