«ҚазАвтоЖол» компаниясының бұрынғы басшысы 200 млн теңге жымқырған
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.
Фото: istockphoto.com
14:41 18.12.2024
Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім болды.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты «Жақсы-Есіл – Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салуға бөлінген 200 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін үкім шығарды.
Келісімшарттың заңды бұза отыры жасалғаны және берілген аванстың ысырап етілгендігі дәлелденді. Жоба бойынша жұмыс басталмаған.
«Сотталғандар 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот мемлекетке келтірілген залалды өндіріп алды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!