{metadescription}
Қайғылы жағдайдан кейін Алматы метросында не өзгереді

Қайғылы жағдайдан кейін Алматы метросында не өзгереді

Алматы әкімі Ерболат Досаев көзі нашар көретін жас жігіттің өлімінен кейін метрополитенде қандай шаралар қолданылатынын айтты.

Ол қаланың қазіргі инфрақұрылымы инклюзивті стандарттарға сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

"Вагон аралық кеңістікті жабу үшін платформалық турникеттер орнатылады. Бұл мәселе инклюзияға ғана емес, сонымен қатар балаларымыздың қауіпсіздігіне де қатысты. Бұл жұмыстар 2025 жылдың басында жүзеге асырылады. Жаңа метро станцияларын жобалау кезінде бұл стандарттар міндетті болады", – деп түсіндірді әкім.

Еске салайық, бұған дейін Алматы метросында зағип жолаушы рельске құлап, мерт болғанын жазғанбыз.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде