Қор нарығында доллар арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
Фото: istockphoto.com
16:49 18.12.2024
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,97 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 522,63 теңге.
Ұлттық банктің 18 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 524,66 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,09 теңге. Еуро — 550,21.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 523,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 525 теңге. Еуро 547 — 554 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 520 теңге, сатып алу құны — 527 теңге. Еуро 545 теңгеден сатылып, 555 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,00 — 5,10 аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!