2025 жылы Қазақстанда бірнеше ішкі және халықаралық әуе рейстері ашылады
Келер жылы еліміз жаңа әуе рейстерін ашып, бірнеше ұшақ сатып алмақ.
Фото: istockphoto.com
18:38 18.12.2024
"Биыл 22 жаңа әуе бағыты ашылды, келесі жылы тағы 10 әуе қатынасын ашу жоспарда бар. Халықаралық әуе тасымалының қатарында Будапешт, Мюнхен және Рим бар. Сонымен қатар келер жылы қосымша 18 ұшақ сатып алу жоспарланып отыр, ал биыл 10 ұшақ сатып алынды", — деді Көлік министрінің орынбасары Мақсат Қалиақпаров.
Сондай-ақ, вице-министр ішкі әуе рейстеріне тоқталды.
"Ішкі әуе рейстерін көбіне туристік бағыттар бойынша ашуды және субсидиялауды жоспарлап отырмыз. Өтінімді жергілікті әкімдік беруі керек. Қаржыландыру көзін анықталған соң, жаңа рейстер ашылады, жалпы ішкі және халықаралық әуе рейстерін ашу бойынша кедергі жоқ, мәселе қаржыға келіп тіреледі", — дейді ол.
Бүгін елордада «Көлік және логистика нарығы» VI халықаралық конференциясы және GLOBAL Avia DAY әуе тасымалдарын дамыту жөніндегі I халықаралық форумы өтті.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!