ШҚО-да магистральдық желіде ақау шығып, бір ауыл жылусыз қалды
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында магистральдық желіде ақау шығып, Усть-Таловка ауылы жылусыз қалды.
Фото: Шемонаиха ауданы әкімдігі
17:42 18.12.2024
18 желтоқсанда таңғы сағат 05.00-де Усть-Таловка мен Шемонаиха ауылдарын байланыстырып тұрған магистральдық желіден ақау шығып, су ағып кеткен. Бір сағаттың ішінде мамандар ақау орнын анықтап, қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Қазір оқиға орнында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметов жүр.
"Жұмысты аяқтау үшін тағы үш сағаттай уақыт керек. Одан кейін қайта жылу беріле бастайды", - деді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.
Бұл магистральдық желілер «Востокэнерго» компаниясына тиесілі. Бұған дейін олар ақау шыққан желіні жөндеген. Алайда жағдай қайталанып отыр.
Аудан әкімі Григорий Акуловтың айтуынша, ауылдағы мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына алдын ала көшірілген. Алдағы уақытта ақаудың шығу себептерін мамандар анықтайтын болады.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!