Бүгін Қазақстан аумағында жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК 2024 жылғы 19 желтоқсанға арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады.
Фото: Астана әкімдігі
08:03 19.12.2024
Республика аумағының басым бөлігі циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады, қар мен бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, республика орталығында қалың қар жауады.
Республиканың оңтүстік-шығысында және шығысында пайда болатын антициклонның екпіні жауын-шашынсыз ауа райын тудырады.
Республика бойынша көктайғақ, жел күшейеді, оңтүстікте, солтүстікте және орталықта тұман түседі.
Жетісу облысының Алакөл өңірінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан да жоғары болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!