{metadescription}
Қызылордалық құтқарушылар 90 жастағы қарияға көмек көрсетті

Қызылордалық құтқарушылар 90 жастағы қарияға көмек көрсетті

ТЖМ баспасөз қызметі қызылордалық құтқарушылардың 90 жастағы қарияға көмек көрсеткенін жазды.  - Қызылорда қаласының үйлерінің бірінде 1935 жылы туған қарт әже есікті аша алмай, пәтердің ішіне құлап қалған.

ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сатының көмегімен екінші қабаттың пәтеріне терезесі арқылы кіріп, еденде жатқан әйелді тапты. Оған көмек көрсетіліп, туыстарына тапсырды, - делінген ведомство дерегінде.
Бас құтқарушы Абай Кенестің айтуынша, 9 жылдық еңбек өтілінің ішінде мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан егде адамдар мен балаларды 1 минутқа да қараусыз қалдыруға болмайды.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде