Сенат Жоғарғы соттың судьяларын қызметінен босатты
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьялары қызметінен босатылды.
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
10:38 19.12.2024
ҚР Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов екі судьяны қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізіліп отырғанын мәлім етті.
- Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышев зейнет жасына жетті. Олар судьялар қоғамдастығында беделді маман ретінде танылды. Атап айтқанда, Б. Ералиева мен Қ. Нұрышевтың отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босату туралы ұсынымға қолдау білдіруді сұраймын, - деді Д. Малахов сенеторларға қарата айтқан сөзінде.
Палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!