{metadescription}
Алматы полициясы тіркелмеген қала тұрғындарына үндеу жасады

Алматы полициясы тіркелмеген қала тұрғындарына үндеу жасады

19 желтоқсанда Алматы қалалық полициясы азаматтарды тұрғылықты жері бойынша міндетті тіркеу туралы еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының полиция департаменті азаматтарға тұрғылықты жері бойынша міндетті түрде тіркелу қажеттігін тағы да ескертеді.

"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 492-бабына сәйкес, тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз 10 тәуліктен бір айға дейін тұру ескерту жасалуына әкеледі. Ал бір айдан астам тіркеусіз тұру үшін 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған", – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Жанна Жақыпбаева.

Сонымен қатар уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібіне де назар аударылады. Бұл рәсім тұрғын үй иесінің жазбаша немесе электрондық түрде берілген келісімімен жүзеге асырылады.

Электрондық тіркеу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

09 наурыз

08 наурыз

07 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде