ШҚО-да есірткі заттарын егіп-өсірген үш тұрғын бас бостандығынан айырылды
ШҚО-ның үш тұрғыны есірткі өсімдігін заңсыз өсіргені үшін 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: Zakon.kz
11:20 19.12.2024
Осы жылдың тамыз айында көліктегі полициясы департаментінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысында есірткі заттарын егіп, өсірумен айналысқан 3 адамнан тұратын топты ұстады.
Олардың бірі – теміржолшы болып жұмыс істеген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде заңсыз айналымнан 42 келі марихуана тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Өскемен қаласының № 2 сотының үкімімен күдіктілер 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдеріне сотталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!