{metadescription}
Сенат Иранмен сауданы жаңа деңгейге шығаруға арналған заңды мақұлдады

Сенат Иранмен сауданы жаңа деңгейге шығаруға арналған заңды мақұлдады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.

Келісім 2023 жылғы 25 желтоқсанда Санкт-Петербор қаласында жасалды.

- Қарастырылып отырған заңның негізгі мақсаты - Келісім тараптарының сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту, тауар номенклатурасының кең бөлігіне қатысты бажсыз сауда режимін қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда біздің елдеріміз арасында тауарлардың шектеулі тізбесіне сауданың преференциялық режимі қолданылады. Осы келісім тауар номенклатурасының кең бөлігіне қатысты Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы – тиісінше 87-88% бажсыз сауда режимін қамтамасыз етеді. Құжат аясында Иран көптеген тауарлар бойынша баждарды алып тастауға және негізсіз тыйымдарды қолданбауға міндеттеме алады. Осылайша, Келісім сауда-саттықтың болжамды режимін қамтамасыз етеді, - деді сенатор Бауыржан Қаниев.

Сонымен қатар, келісім ішкі нарықты қорғау шараларын, техникалық кедергілерді, санитарлық және фитосанитарлық шараларды, тауарлардың шығу тегін анықтау ережелерін, кедендік ынтымақтастықты әрі сауда рәсімдерін жеңілдетуді, дауларды шешуді реттейді.

Дереккөз: kazinform

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде