{metadescription}
5 баланың өлімі: Ақтөбеде жол-көлік апатына себепкер жүргізуші сотталды

5 баланың өлімі: Ақтөбеде жол-көлік апатына себепкер жүргізуші сотталды

Самара-Шымкент тасжолында жүк көлігімен қарсы бағытқа шығып, жеңіл көлікке соқтығысқан жүргізуші сотталды. Жол апаты кезінде 8 адам қаза тапса, оның бесеуі бала.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 37 жастағы жүргізуші Сергей Соловьевке қатысты сот үкімі шықты. Іс материалына сүйенсек, биыл тамыз айында ол Самара-Шымкент бағытындағы жолда қарсы бағытқа шығып кетеді. Сол кезде қарама-қарсы келе жатқан «Toyota Ipsum» көлігімен соқтығысады. Көлік ішінде 7 жолаушы болған. Оқиға орнында жүргізуші мен сол жолаушылардың бәрі көз жұмды. Сот отырысы кезінде сотталушы бар кінәні мойындады. 

— Сотталушы Сергей Соловьев кінәлі деп танылып, оған 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан және 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, — деді судья Алтынбек Сабыров. 

Сот жәбірленушілердің талап арыздарын ішінара қанағаттандырды. Сергей Соловьев 8 жәбірленушіге 55 млн теңге моральдық шығын өтеуі тиіс.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде