Жәрмеңке кезінде 32 бала мерт болды
Оқиға Нигарияның оңтүстігіндегі Ойо штатындағы жәрмеңке кезінде болды, деп жазады Түркияның Анадолы агенттігі.
Фото: Анадолы
14:47 19.12.2024
Жергілікті үкімет өкілінің айтуынша, Нигерияның оңтүстігіндегі Ойо штатының астанасы Ибадан қаласында өткен жеке жәрмеңкеге жиналған адамдар арасында қысылып қалған 32 бала мерт болған. Сонымен қатар, көптеген адамдар жараланған.
Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген, оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.
Ойо штатының губернаторы Шейи Макинде жәрмеңке ұйымдастырушылары ұсталғанын мәлімдеген.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!