{metadescription}
Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,44 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 524,02 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 525,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 526,5 теңге. Еуро 544,5 — 549,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 529 теңге. Еуро 542 теңгеден сатылып, 552 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 - 5,10 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 19 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 522,63 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,07 теңге. Еуро — 548,66.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.