Есірткі таратқаны үшін сотталғандар шартты түрде бостандыққа шығуы мүмкін
Есірткі көміп таратқаны үшін сотталған 1200 адамның жазасы қайта қаралады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Мәдиев Сенат отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Фото: istockphoto.com
17:49 19.12.2024
«Қазіргі таңда «есірткі көмгені» үшін сотталғандардың бір бөлігіне тағайындалған жаза қайта қаралуы мүмкін. Нақты айтқанда 1000-нан астам тұлға мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығады.
Олардың құқықтары жазаны өтеу мекемелері арқылы ұсынымхат рәсімдеу арқылы немесе адвокат арқылы қорғалады. Әр жағдайды сот жеке қарады. Осылайша сотталғандар жазаны жеңілдету құқығына ие болады», - деді вице-министр.
Оның сөзінше, 4 мыңға жуық адам есірткі қылмысын жасағаны үшін сотталған.
«Олардың арасында шамамен 1220 адам есірткі көмегін үшін жаза арқалаған. Бұл көбінесе курьерлер мен есірткі көмушілер. Бір сөзбен айтқанда есірткі саудасына қатысқандар», - деді Санжар Мәдиев.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!