{metadescription}
Екібастұзда өртенген жылу камерасынан әйелдің денесі табылды

Екібастұзда өртенген жылу камерасынан әйелдің денесі табылды

Полиция марқұмның жеке басына қатысты деректерді анықтады. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.

Екібастұзда Мәшһүр Жүсіп пен Пішенбаев көшелерінің қиылысында орналасқан жерасты жылу камерасында өрт шыққан. 

«Мәшһүр Жүсіп көшесінде орналасқан жылу жүйелері құдығының жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетіп, жылу камерасының ішіндегі жанған қоқыс пен матрацты сөндірдіі. Камераға кіреберісте бойында ешбір тіршілік белгісі жоқ әйел адамның мүрдесі табылды. Анықталғандай, марқұм тұрғылықты жері жоқ адам болып шықты. Оқиғаның себебі анықталып жатыр», - деп мәлімдеді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Өртті сөндіруге департаменттің 6 қызметкері мен 1 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.

Ал өңірлік полиция департаменті әйелдің жеке басына қатысты деректер анықталғанын, қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, соның нәтижесінде процессуалдық шешім шығарылатынын хабарлады.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.