{metadescription}

Еліміздің екі облысында көлік қозғалысы ашылды

Ұлытау және Қызылорда облыстарында ауа райына байланысты жабылған республикалық жолдар қайта ашылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК.

— 2024 жылғы 20 желтоқсан сағат 08:00–де Қызылорда облысы «Қызылорда-Павлодар» автожолының 12-216 шақырым аралығында учаске (Қызылорда қаласынан Ұлытау облысы шекарасына дейін), Ұлытау облысы «Қызылорда-Павлодар» автожолының 216-424 шақырым аралығында учаске (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін) республикалық автожолдарда көлік қозғалысы ашылды, — делінген компания хабарламасында.

Ал ауа райының бұзылуына байланысты 2024 жылғы 20 желтоқсан сағат 07:00–де республикалық маңызы бар «Алма-Тау туристік орталығына кіру» км. 0-15, мектеп (Тұздыбастау ауылы — Бесқайнар ауылы) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалысқа шектеулер енгізілді.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.