{metadescription}
Ақтөбе облысында 45 адамнан доңыз тұмауы анықталды

Ақтөбе облысында 45 адамнан доңыз тұмауы анықталды

Ақтөбе облысында 45 адамнан доңыз тұмауы анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың саны аз уақыт ішінде екі есеге көбейген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондықтан санитар мамандар вирустың алдын алу үшін шектеулер енгізе бастады. Яғни медицина мекемелерінің қызметкерлері бетпердемен жүруі тиіс. Балабақшалар мен мектептердегі ахуал да бақылауға алынды. Бір апта ішінде облыс бойынша жедел респираторлы вирусты инфекциямен 12 мың тұрғын ауырған.

Шошқа тұмауын жұқтырғандардың да саны едәуір өскен.

"793 науқас тексеруден өтті. Оның 45-інен шошқа тұмауы анықталды. Біз сараптама жұмыстарын жүргіздік. Жыл басынан бері тұмаудан 3 363 адам емделіп шықты. Оның 74 пайызы – бала."Майра Нұрғалиева, Жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде