{metadescription}
Маңғыстау облысында тек шетел азаматтарына арналған казино ашылмақ

Маңғыстау облысында тек шетел азаматтарына арналған казино ашылмақ

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, казиноға Қазақстан азаматтарының баруына рұқсат берілмейді.

— Ойынханаға тек шетелдік төлқұжатпен кіре алады. Мұндай тәжірибе бар. Мысалы, жалақы алып, сосын ойынханаға барып ұтылып қалдыңыз, әрине ренішті. Бұл кімге керек? Біздің мақсат шетелден келетін адам Қазақстан экономикасына ақша қалдырып кетуі керек, — деді Нұрдәулет Қилыбай орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Осылайша әкім табыстың сырттан келгенін қалап отыр. 

— Тек казино емес, мейрамхана немесе қонақ үй құрылысына шетелдіктер, қазақстандықтар инвестиция сала алады. Бастысы инвестиция салып, экономикамызға үлес қосса болғаны. Әзірге (казино — автор) заң шыққан жоқ, бұл біздің ұсыныс, — дейді өңір басшысы.

Одан бөлек, Н. Қилыбай баяндамасында «Кендірлі» курорттық аймағында ойын-сауық туризмін дамыту туралы айтып қалды.

— Президент өз Жолдауында «Кендірлі» курорттық аймағының потенциалын одан әрі дамыту қажет екенін атап өтті. Қазір курорттық аймақтың бас жоспары әзірленді. Біз Кендірлінің дамуына оң серпін беру үшін дәстүрлі жағажай және эко-туризмнен бөлек «ойын-сауық туризмі сияқты қосымша бағытты да дамыту жөн деп есептейміз. Бүгінде бұл бағытта мүдделі органдармен пысықтау жұмыстары жүргізілуде, — деп толықтырды Маңғыстау әкімі.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде