Қор нарығында доллар арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
Фото: freepik.com
15:50 20.12.2024
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,14 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 523,86 теңге.
Ұлттық банктің 20 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 524,02 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,09 теңге. Еуро — 545,19.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 525,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 527,5 теңге. Еуро 544 — 548 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 529 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 553 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,05 - 5,15 аралығында саудаланып жатыр.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.
Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін екенін айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!