{metadescription}
Мексика түрмесіндегі қарулы наразылық кезінде жеті адам көз жұмды

Мексика түрмесіндегі қарулы наразылық кезінде жеті адам көз жұмды

Оқиға Мексиканың оңтүстігіндегі түрмеде екі тұтқынды ауыстыру кезінде болған. Бұл туралы шетелдік БАҚ ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, Report хабарлады.

Екі сотталушыны басқа түрмеге ауыстыруға тұтқындар қарсы болғаны атап өтілді. Сондықтан олар жиһаздар мен қоқыстарды өртеген, кейін түрме қызметкерлеріне қарай оқ жаудырған.

Осылайша бүлік қарулы қақтығысқа жалғасып, оқиға салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алған. Зардап шеккендердің арасында төрт полиция қызметкері бар.

Тұтқындар мен полиция арасындағы қақтығыс бірнеше сағатқа созылды.

Операция нәтижесінде полицейлер тұтқындардан бір мылтық, бес тапанша, граната, 23 мачете, 14 пышақ, сондай-ақ қолдан жасалған қарулар, оқ-дәрілер, радиоқабылдағыштар, ұялы телефондар мен есірткі заттарын тәркілеген.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде