{metadescription}
Қазақстандықтар енді аспандағы шоқжұлдыздарға өз есімдерін бере алмайды

Қазақстандықтар енді аспандағы шоқжұлдыздарға өз есімдерін бере алмайды

Аспандағы жұлдызды өз атыңызбен атау туралы ұсыныс көпшілікті қызықтырады. Бұған халықаралық астрономиялық одақ рұқсат бере ме, Kazinform агенттігінің тілшісі анықтап көрді.

Қазір ғаламторда жаңа жұлдыз атауларын қосу қызметтерін ұсынатын сайттар көп.

Бұл қызметтер Қазақстанда да қолжетімді. Осы жарнамалардың бірінде құны 12 500 теңгеден 250 000 теңгеге дейін өзгеретін сыйлық жиынтықтары мен құны 7 миллион теңгелік эксклюзивті VIP сыйлық ұсынылған. Тапсырыс құны екі құрамдас бөліктің негізінде қалыптасады: сыйлық жиынтығының бағасы оның жарықтығына байланысты болады.

Мәселен, «Шығыс жұлдызы» сыйлық жинағының бағасы - 70 000 теңге. Мұндай сыйлыққа тапсырыс беру өте қарапайым. Алдымен, «Жұлдыз сатып алу» түймесін басу керек, содан кейін жұлдыздың өлшемін таңдап, тіркеу үшін қажетті деректерді толтырасыз. Шоқжұлдызды, жұлдыздың атын және өзіңіздің тегіңізді көрсетесіз.

Осыдан кейін тапсырысты орындау үшін компания қызметкері сізге хабарласатын болады.

Алайда, В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты директорының орынбасары Рашит Валиуллин, мұндай ұсыныстар аясында берілген атаулардың ресми немесе заңды мәртебесі жоқ екенін айтты.

Халықаралық астрономиялық одақ мұндай келісім- шарттарды мойындамайды, ресми жұлдыздар каталогтары объектілерді тек сандық атаулармен ғана белгілейді.

– Аспан денелеріне атауды әлем астрономдарын біріктіретін халықаралық астрономиялық одақ қана бере алады. Жұлдыздарға жаңа атаулар берілмейді. Астрономдар ашқан кометаларға ғана атау беріледі. Жұлдыздарға рұқсат жоқ. Әрине, аты жоқ жұлдыздар бар, бірақ олар сандармен белгіленеді. Біздің галактикада миллиардтаған жұлдыз бар және олардың барлығын көру мүмкін емес. Өйткені олардың басым бөлігі тым күңгірт, – деп атап өтті ол.

Спикердің сөзінше, қазір жұлдыздарды ресми тіркейтін заңды коммерциялық агенттіктер жоқ. Ешбір жұлдыздар каталогы, обсерватория немесе ғылыми қоғамдастық жеке адамдардың жұлдызды «меншіктеп» алу құқығын мойындамайды.

– Ғаламтордан түрлі жарнамаларды табуға болады, бірақ олардың ресми статусы жоқ. Мұндай компаниялар беретін сертификаттар еш маңызы болмайды. Бұл ойын-сауыққа көбірек ұқсайды. Ешбір ресми жұлдыздар каталогы мұндай жазбаларды мойындамайды. Бұл ұйымдар өздерінің каталогтарын жасайды. Бұл идеяның авторы Қазақстан болмаса да, біздің елде белсенді түрде жүзеге асып жатыр. Біздің обсерваторияға адамдар жиі экскурсияға келіп, өз жұлдызын көрсетуді сұрайды, бірақ біз бұл жұлдыздың еш жерде тіркелмегенін түсіндіреміз, – деп атап өтті Р. Валиуллин.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде