Қар, көктайғақ және жел: 21 желтоқсаннан бастап ауа-райы күрт құбылады
Синоптиктер алдағы үш тәулікке – 2024 жылғы 21-23 желтоқсанға Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды.
Фото: unsplash
16:16 20.12.2024
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, еліміздің басым бөлігінде қар күтілуде.
"21 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етеді-қар, бұрқасын және екпінді жел күтіледі. Тек еліміздің батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады. 21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қатты қар күтіледі", - Қазгидромет РМК
Тек, 23 желтоқсанға жақын, Батыс антициклонының жылжуымен еліміздің оңтүстігінде ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
"Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді", - Қазгидромет РМК
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!