Алматыда асылып қалған ер адамның денесі табылды
Алматының Алатау ауданында электр тірегінің астына асылып қалған ер адамның денесі табылды. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан асылып тұрған адамның денесін көруге болады. Бейнежазба Момышұлы мен Мөңке би көшелерінің қиылысына жақын жерде түсірілген. https://t.me/almatylive_kz/139
Фото: Алматы облыстық полициясы
18:21 20.12.2024
Аталған факті бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.
Осыған дейін Алматыдағы жеке мектептердің бірінің маңынан көлік ішінде ер адамның денесі табылғаны туралы жазған едік.
Сондай-ақ Түрксіб ауданында бір әйелдің мәйіті табылған болатын.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!