Алматы облысында жол полициясын көлік қағып, мерт қылды
Алматы-Өскемен тас жолында патрульдік полиция инспекторын көлік қағып, мерт қылды. Алматы облыстық Полиция департаментінің мәләметінше, қайғылы жағдай 20 желтоқсан күні Алматы-Өскемен автожолының 42 шақырымында болды.
Фото: polisia.kz
19:25 20.12.2024
— Toyota Camry 35 жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 42 шақырымында келе жатып, көктайғақ салдарынан рульді басқара алмай, облыстық патрульдік полиция батальоны қызмет инспекторын қағып кетіп, инерция бойынша Hyundai Elantra қызметтік автокөлігімен соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан полиция қызметкері оқиға орнында көз жұмды Облыстық департамент қызметте қаза тапқан полицейдің отбасына көңіл айтады,— деп хабарлады ведмстводан.
Өңір полициясы жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!