{metadescription}
ШҚО құтқарушылары тауда 3 рет жарылыс жасады

ШҚО құтқарушылары тауда 3 рет жарылыс жасады

Шығыс Қазақстан облысындағы тауда жарылыс жасалып, қар көшкіні түсірілді. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қар көшкінінің алдын алу үшін тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде, Өскемен-Самар тасжолындағы тау беткейлерінде қардың көп жиналып қалғаны және жел жылдамдығы көбейсе көшкін жүру қаупі бар екендігі анықталды.

- Соған байланысты аталған тасжол учаскесінде профилактикалық қар көшкіні түсірілді. Барлығы 3 рет жарылыс жасалып, таудан 890 шаршы метр қар массасы түсті, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Осы ретте, құтқарушылар қалың қар жауса 3-5 күн ішінде, қатты жел соғып тұрғанда және аяздан кейін күн жылытып кеткенде таулы жерлерге барудан бас тартуға кеңес берді. Себебі ондай уақытта қар көшкіні жүру қаупі күшейе түседі.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде